Бүгін шаһарға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 11-сынып оқушылары Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне жиналды. Сайыс жаратылыстану-математика бағыты бойынша өтеді. 200-ге жуық ұл-қыз қазір математика, физика, химия және биология пәндерінен сынға түседі.
ІҢКӘР ЕРҒАЛИ, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы:
— Бұл Олимпиадаға алғаш рет қатысып тұрмын. Өз бағымды сынап көруге ұстазым кеңес берді. Себебі, сайыстың ертең жоғары оқу орнына түсерде пайдасы болады. Мен өзім химия-биология пәндерін таңдап, медицина саласына түсуді көздеп отырмын.
Тәртіп қатал. Оқушылардың алдында тек бір парақ қағаз бен қалам және су ғана. Ұл-қыздар тапжылмай 4 сағат отырады. Әр пәнге кемінде 1 сағаттан берілген. Президенттік олимпиадаға қатысу үшін өңіріміздің шеткері аймақтарындағы ауылдардың оқушылары таңғы 5-тен жолға шыққан. Солардың бірі – Ақжар ауданындағы Алқатерек ауылынан келген Мира Әмен.
((МИРА ӘМЕН, Алқатерек орта мектебінің 11-сынып оқушысы, Ақжар ауданы:
—
Мен география және математиа пәнін таңдадым. “Менеджмент” саласында оқығым келеді. Осы сынды олимпиадаларға қатысқан маған ұнайды. Мен өзімнің алға қойған мақсаттарыма жеткім келеді.
XVIII Президенттік олимпиада өңірде 2008-ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып, оқушылар жоғары нәтиже көрсетуде. Мәселен, былтыр “Лорд” мектеп-лицейінің оқушысы республикалық додада 3-ші орынға ие болыпты.
БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, “Қызылжар дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры:
— Бүгін Олимпиаданың өңірлік кезеңі өтіп жатыр. 184 оқушы бір уақытта математика, физика, химия, билология пәндерінен тапсырмалар орындайды. Кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 20 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Өңірлік кезең қазанның 21-і күні өтеді. Одан суырылып шыққан 8 үздік қараша айында ұйымдастырылатын республикалық турға жолдама алады.
Ақтолқын Солтанханқызы