Құқық қорғау органдары

Полиция «Құлагер» ХК жастар командасының басшысын ұстады

Полиция «Құлагер» ХК жастар командасының басшысы Сергей Фильді ұстады. Екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті заңға сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді. Еске салайық, жұма күні баспасөз конференциясы өтті. Тілшілермен тілдесуде клубтың директоры Игорь Шерстов ұжымның Сергей Фильдің жария етілген құқыққа қарсы әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді. «Құлагер» басшылығы құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге дайын.