Спорт

“Қуаныш” жанкүйерлерін қуантты

Петропавлда волейболдан ел чемпионатының 1-ші туры өтті. Жергілікті “Қуаныш” волейбол клубы үш ойында да жеңіске жетіп, турнирлік кестеде көш бастады. Теріскейлік ұжым алғашқы матчта елордалық “Астана” командасымен бақ сынасты. Ойын толығымен алаң иелерінің бақылауында болды. Нәтижесінде қарсыластарынан үш партияда да басым түсті. Қыздарымыз “Қарағанды” волейбол клубын да дәл осы есеппен тізе бүктірді. Жерлестеріміз 1-ші турдағы соңғы ойынын батысқазақстандық “Ақтөбемен” өткізді. Бұл кездесуде де теріскейліктер 3 те 0 есбімен басым түсті.