Қоғам

Айыртау ауданындағы ХҚО өз жұмысын жаңа ғимаратта жалғастырады

Айыртау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жаңа форматта әрі жаңа ғимаратта жалғастырады. Нысан Саумалкөл ауылында орналасқан. Цифрлық кеңсе заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда ресепшн, құжаттарды беру аймағы, экспресс-қызметтерді ұсыну үшін жылдамдық орны және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, сондай-ақ eOtinish платформасы арқылы өтініштерді қабылдау пункті бар. Қазіргі таңда орталықта 23 маман жұмыс істейді. Бұл – өңірімізде клиентке бағдарлану және цифрландыру қағидаттарын ескере отырып жобаланған екінші кеңсе. Бұған дейін осындай ғимарат Есіл ауданында ашылған болатын.