Облыста орақ науқаны 78 пайызға аяқталды. Диқандар бір минутты да бос кетірмей аянбай еңбек етуде. Бүгінде 2 млн 368 мың гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Орташа шығымдылық 18,5 центнерді құрайды. Бастырылған астық көлемі 4,4 млн тоннадан асып жығылады. Оның 30 пайызы элеваторларға жеткізілген. Аймақта маңызды кезеңді уақытылы аяқтау үшін 7 мың комбайн, 12 мыңнан астам трактор және 5 мыңнан астам жүк көлігі тартылыпты.