Қоғам

СҚО-да 60 жастағы әйел адам ауылдасын пышақтап тастады

Ішкілік адам өліміне әкеп соқтырды. Айыртау ауданында Арықбалық ауылында 60 жастағы әйел ауылдасын пышақтап тастады. Қос құрбы бірге арақ ішіп, жандалдасып қалған. Пышақ жұмсаған әйел адам оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні құрықтады. Қазіргі таңда ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында отыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.