Биылдан бастап елімізде медициналық жоғары оқу орындарына қабылдау ережелері өзгертілді. Мұндағы басты мақсат болашақ мамандардың білім сапасын арттыру деп жазылған ведомствоның сайтында. Осы орайда оқуға қабылдау бойынша шекті балл 70-ке дейін көтерілді, ал мемлекеттік грантқа түсу үшін кемінде 100 ұпай жинау керек. Есесіне грант саны артты. Елімізде биылғы оқу жылына бакалавриатқа 2700 білім беру гранты бөлінді. Ақылы негізде студенттерді қабылдау қысқартылды. Сондай-ақ, шетелдік талапкерлерден ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат талап етілетін болады. Интернатура мен резидентурада жаңа бағыттар ашылды, педиатрларды даярлауға ерекше көңіл бөлініп жатыр.