Қоғам

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына. Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің және Иванов тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Беларусь шеберлерінің қолынан шыққан сапалы аяқ киімдер өзінің ыңғайлылығымен, сәнді дизайнымен, ұзақ уақытқа шыдамдылығымен ерекшеленеді. Бағалары да қолжетімді әрі сапасы еуропалық стандартқа сай. Әр келуші өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Қала тұрғыны Александр Кудасов осы жәрмеңкеден жылда аяқ киім сатып алады, тауардың сапасы күмән келтірмейді дейді.

АЛЕКСАНДР КУДАСОВ, қала тұрғыны:

—Өзіме екі мезгілде де киетін аяқ киім сатып алдым. Алда қыс келе жатыр. Қыстың қалай болатыны белгісіз. Аяқ киімнің сапалы болғаны жөн. Талап сай келетін тауарды осы жәрмеңкеден табуға болады.

Әйелдер аяқ киімінің өлшемі 36-дан басталып 43-ке дейін жетеді. Ал ерлердікі 40-тан 46-шы өлшемге дейін. Етіктер бұзау терісінен тігілген. Бұдан бөлек, мұнда көрпешелер де бар.

ИРИНА МАСЛОВА, сату бойынша менеджер:

— Оған қоса, жәрмеңкеде түйе, қой жүні және мамықтан жасалған көрпелер де бар. Сондай-ақ, жұмсақ жастықтар мен төсек-жаймалардың да түр-түрі қойылған. Бір кісілік үлгіден, евро және отбасылық түрлеріне дейін әкелдік.

Жәрмеңке қаладағы Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан. Шара 12-ші қазанға дейін жалғасады.

 

Мәдина Қаби