Анасының жолын жалғап, аманатқа адалдық танытып, бар саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұстаздар династиясы. Құрманғожиндер әулетінің саладағы еңбек өтілі 100 жылдан асады. Отбасы мүшелері ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келе жатыр. Жанұяның үлкені Асхат Құрманғожин – тарих пәнінің мұғалімі. Қазіргі таңда Смағұл Сәдуақасов атындағы №2 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Білікті маман үшін білім беру – кәсіби міндет қана емес, рухани борыш, ұлт алдындағы адал парыз.
АСХАТ ҚҰРМАНҒОЖИН, С. Сәдуақасов атындағы №2 орта мектептің тарих пәні мұғалімі:
— Ұстаздық жолда жүргеніме 28 жыл болды. Аталған мектеп 2 жылдан бері еңбек етемін. Білім беру саласында жүргеніме еш өкінген емеспін.
Асхат Мәлікұлының қарындасы да аталған мектепте еңбек етеді. Гүлбаршын Анафина бала кезінен ұстаз болуды армандаған. Мақсатына жетіп, қазіргі таңда балаларды математикаға баулиды. 30 жылға жуық еңбек өтілі бар маманның сөзінше, бұрынғы мен қазіргі педагогиканы салыстыруға мүлдем келмейді екен. Бүгінде ұстаздардың жалақысы да, статусы да өскен. Жасалып жатқан жағдай да жаман емес. Цифровизация мен жасанды интеллектінің арқасында қолдары да ұзарған.
ГҮЛБАРШЫН АНАФИНА, С. Сәдуақасов атындағы №2 орта мектеп директорының орынбасары:
— Әрине, жұмыстың оңайы жоқ. Әр кезде түрлі қиындықтарға тап боламыз. Бірақ, пәнге, жұмысқа, ең бастысы балаларға деген сүйіспеншілік оны жеңіп шығуға көмектеседі. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар ата-анамен, әріптеспен тіл табыса аламын дипломат болуы тиіс. Заман талабына сай үнемі ізденісте жүруі қажет.
Ағайынды ұстаздарды қарындастары да білім беру саласында еңбек етеді. Тіпті, жұбайлары да аталған саланы таңдаған екен.
Нұрасыл Ахмет