Мәдениет

Қарияларға арналған концерттік шара

Аға буын өкілдеріне арналған концерттік бағдарлама. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында қарттар күніне арналып концерт ұйымдастырылды. Бірі жан жарымен, бірі құрбысымен, енді бірі туысқанымен келіпті. Театр залы көрерменге лық толы. Қариялар өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, ду қол шапалақтарын аямады. Жасы 70-тен асқан Баян Жұмадиева – театрдың тұрақты көрермені. Дерматолог-дәрігер зейнетке шықса да кәсібін тастағысы жоқ. Қауырт қызметінен босаған кезде театр өнерін тамашалайды.

БАЯН ЖҰМАДИЕВА, қала тұрғыны:

— Концерт ұнап жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет. Барлығы -талантты жастар.

Қарттар –  ел қазынасы. Оларға құрмет көрсету – болашаққа жасалған асыл аманат. Сол себепті де театрлықтар қарияларға құрмет ретінде осындай концерттік бағдарламаны жыл сайын ұйымдастырады.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

— Жылда осындай концерттік бағдарлама ұйымдастырып отырамыз. Өнеріміздің оларға ұнап жатқанына өте қуаныштымыз.

Жалпы, әртістердің өнерін тамашалуға 500-ге жуық қария жиналды.

 

Мәдина Қаби