Мәдениет

Қарияларға арналған әдеби-музыкалық кеш

Бүгін қалада Қарттар күніне орай түрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. Оған кітапхана оқырмандары мен ардагерлері қатысты. Концерттік бағдарламаның шымылдығын «Алаш» өнер мектебінің “Қоңыр” ансамблі ашты. Ұл-қыздар тыңдаушыға рух беретін «Ер Тұран» күйін орындады.

МӨЛДІР ТІЛЕЙХАНҚЫЗЫ, “Алаш” өнер мектебінің жетекшісі:

Бүгінгі іс-шараға бір апта дайындалдық. Олар бүгін бірінші рет өнер көрсетейін деп жатыр. Қазір Құрманғазы мен Әбдімомын Желдібаевтың күйлерін орындаймыз.

«Жасқа сай жарасымды үйлесім» деп аталған әдеби-музыкалық кеш екі сағатқа жуық жалғасты. Бағдарлама барысында үлкендер де, кішілер де өз өнерін паш етіп, өлең оқыды, ән айтып, би биледі. Шара соңында өнер ұжымдарына кітапхана басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.