Құқық қорғау органдары

Ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді

Полиция департаментінің мұражайында өткен кездесуге талай жыл еңбек еткен ардагерлер шақырылып, құрмет көрсетілді. Юрий Киселёв қазіргі экономикалық тергеу қызметі, ал бұрынғы атауы – социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес деп аталатын бөлімді басқарған. Ол жастарға адал қызмет етіп, еңбекке адал болу қажеттігін айтты.

ЮРИЙ КИСЕЛЁВ, ІІО ардагері:

— Біз қызмет еткен кезде жалақы аз болатын. Соған қарамастан кәсібімізді жақсы көрдік. Қылмыстық іздестіруде жүргенде күніне 10-12 сағат еңбек еттік, ол біз үшін қалыпты болатын. Жастарға да біз сияқты Отан алдында таза абыроймен еңбек етіңдер дегім келеді. Заң бұзушылыққа жол бермеңдер.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу соңында жас полицейлерге қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан мамандар туралы деректі фильм көрсетілді.