Жергілікті университетте Үндістан, Моңғолия, Польша және өзге елдерден жастар білім алуда. Теріскейлік полицейлер «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында олармен жүздеп, еліміздегі құқықтық тәртіпті түсіндірді. Миграциялық қызмет өкілдері Қазақстанда болу тәртібін баяндап, азаматтыққа қатысты мәселелерді және елден шығарып жіберуге әкелуі мүмкін құқықбұзушылықтарды атап өтті.
СӘБИНА ИСКЕНОВА-АНДРЕЕВА, қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы:
— Бұл ережелерді сақтау сіздерге тыныш оқуға, мемлекеттің беретін барлық құқықтарын пайдалануға және өздеріңізді қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер.
Мамандар әсіресе заңдағы жаңа өзгерістерге тоқталып, Қазақстанда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салынғанын хабарлады.
КСЕНИЯ ИЩЕНКО, қалалық ПБ бөлімшесінің бастығы:
— Тыйым ауа райы жағдайына немесе медициналық көрсеткіштерге байланысты киімдерге қатысты қолданылмайды. Шектеу тек адамның бет-жүзін толық жауып, жеке тұлғаны тануға мүмкіндік бермейтін киімдерге қатысты. Оған балаклава, маска және никаб кіреді.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары студенттерге жадынама мен SafeTravel.kz мультитілді электрондық порталына сілтейтін QR-коды бар карточкалар таратты. Порталда қауіпсіздік туралы маңызды мәліметтер жазылған.
Мәдина Қаби