Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары 700-ден астам шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірлерін заңсыз берген. Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ жеке сәйкестендіру нөмірін алу туралы өтініштер рәсімдепті. Заңбұзушылықты прокурорлар анықтады. Прокурорлық қадағалу актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Алөзге ел азаматтарына берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күші жойылады.
ҚАЗЫБЕК ҒАЛЫМЖАН, облыс прокурорының аға көмекшісі:
— Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3-ші шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары ҚР ҚК 206-бабы 2-бөлігі “Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.