№50 мекемеде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер туыстарымен енді бейнеқоңырау арқылы сөйлесе алады. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Құрылтайда берген тапсырмасын орындау аясында және “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында іске асырылып отыр. Жаңа жүйе кәмелет жасқа толмаған балалары бар аналар үшін аса тиімді дейді шенділер. Дегенмен, белгілі бір тәртіп бар. Әр сотталған азаматшаға жеке ID-код беріледі екен. Жеке ісінде көрсетілген нөмірлерге ғана қоңырау соғуға болады. Мамандардың айтуынша, аталған жаңашылдық әйел адамның күйзелістік күйін жеңілдетіп, бостандыққа шықаннан кейін қоғамға тез бейімделуге ықпал етеді.