Бүгін күннің суықтығына қарамастан жастар ресурстық орталығының жастары қаланың орталық көшелерін аралады. Мақсат – қарияларды қуанту. Еріктілер жолда кездескен әр зейнеткерге гүл сыйлап, көңілдерін сергітті. Бірге ән айтты, би де биледі.
Мереке қарсаңында көрсетілген құрметке қариялар дән риза. Бүгін ардагерлер кеңесінің өкілдері де құттықтау қабылдады. Олар тіпті осындан 5 жыл бұрын «Еріктілер жылы» аясында “Күміс еріктілер” командасын құрған екен. Зейнет жасына шықса қоғамда белсенділігін жоғалтпаған қарттар аз емес.
БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
— Еріктілер тобының құрамында 70-ке жуық жан бар. Олардың жастары 70 пен 80 жас аралығында. Олар – үйлерінде отырмай, осылай белсенді өмір сүріп, жастармен тығыз араласып, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беруді көздеген азаматтар.
Жалпы, өңірімізде 104 мыңнан астам зейнеткер бар, оның 80 пайызы ардагерлер кеңесіне мүшелік етеді.