Құқық қорғау органдары

Ғ. Мүсірепов ауданында трактор мен астық тиелген жүк көлігі соқтығысты

Өңірде кезекті жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ғ. Мүсірепов ауданында “КАМАЗ” бен трактор соқтығысып, көліктерге механикалық зақым келген. Кабина ішінде болған жандардың барлығы дін-аман. Ережені сақтамаған жүргізушілерге ҚР ӘҚК 610-бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кету керек, 8 айдың ішінде облыста 360-тан астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Өкінішке қарай, салдарынан 28 адам қаза тапты. 500-ге жуығы түрлі дене жарақатын алды.