СҚО әкімдігі

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Miras” кеңесінің кезекті отырысы өтті

Петропавлда “AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Miras” кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиында Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмалар қаралды. Басқосудың шымылдығын ашқан ұйым төрағасы Ербақыт Амантайұлы ең алдымен инвестиция тарту мәселесіне баса назар аударды.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, “AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы “Miras” кеңесінің төрағасы:

— Өңірде инвестиция тарту саласы қарқынды дамуда. Әсіресе, Қытай, Түркия елдерінен беделді кәсіпкерлер келіп, экономикамыз қарқынды дамып жатыр. Барлығымыз бірлесіп, инвесторларға жағдай жасауымыз қажет.

“Miras” кеңесінің мүшелері бір жылда төрт рет кездесіп қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайды. Әсіресе, ұйым отырыстарында қазақ тілінің қолданысын кеңейту мәселесі қаралады. Соңғы жылдары тіл жанашырлары біраз шаруа тыңдырыпты.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, “AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы “Miras” кеңесінің төрағасы:

— Қазақ әдебиетінің марқасқалары С. Мұқанов, Ғ.  Мүсірепов, С. Шаймерденов ағаларымыздың туып-өскен ауылдары құрып бара жатыр. Олардың мұражайларын Петропавлға көшіру қажет.

Өңіріміздегі мәдениет саласында кадр тапшы. 25 жыл бойы сахна төрінде жүрген Мұхамедәли Испановты бұл мәселе қатты алаңдатады. Оның сөзінше, қазіргі таңда жастардың жұмысқа келуінен кетуі жиіліп кеткен. Бұған жағдайдың жасалмауы, жалақының аздығы, білім деңгейінің төмендігі қатты әсер етеді екен.

МҰХАМЕДӘЛИ ИСПАНОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы “Miras” кеңесінің мүшесі:

— Солтүстіқазақстандық жастар басқа қалаға немесе шетелге оқуға түседі да өңірге келіп жұмыс істемейді. Осы мәселені баса назар аударуымыз қажет.

Сонымен қатар, сахна саңлағы “Қызылжар жастары” бағдарламасы аясында берілетін қаржы көлемін 15 млн-нан 20 млн-ға көтеру мәселесін көтерді. Себебі, қазіргі таңда 15 млн-ға баспана алу қиын дейді.

 

Нұрасыл Ахмет