Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданында жол-көлік оқиғасынан жолаушы қаза тапты

СҚО-да жол-көлік оқиғасының салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Жантүршігерлік жайт Тайынша ауданындағы Виноградовка ауылының маңында орын алған. “КАМАЗ” бен “Volkswagen Passat” автокөліктері соқтығысып, соңғы аталған машинадағы 50 жастағы жолаушы қаза тапты. Ауыр жарақат алған жүргізуші мен тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.