Қоғам

СҚО-да орақ науқаны 72 пайызға аяқталды

Облыста күзгі жиым-терім жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұсынған тың деректерге сүйенсек, өңірде 2 млн 178 мың гектар аумақтағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналған. Бұл аталған өнімдерге бөлінген жалпы жердің 72 пайызы болып саналады. Шығымдылық көрсеткіші 17,6 центнерді құрайды. Ал бастырылған астық көлемі 3 млн 800 мың тоннадан асып жығылады. Астық қабылдау орындары кәсіпорындары да күн-түн демей жұмыс істеуде. Оларға бүгінгі күнге дейін 1 млн тоннаға жуық алтын дән жеткізілген. Оның 60 пайызы бидай.