Экология

Былғары зауыты кентінде көшет отырғызылды

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Былғары зауыты кентінде 250 көшет отырғызылды. Көгалдандыру жұмысына қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді жастар ат салысты.

ЖАДЫРА ЖОЛКЕНОВА, «AMANAT» партиясы СҚОФ жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрайымы:

Бүгін біз «AMANAT» партиясының жанындағы “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері болып 8 адамдай келдік. 6 көшет отырғыздық. Осындай сенбіліктерге белсенді түрде қатысып тұрамыз.

Бұл аумақ биыл көктемде ғана абаттандырылған. Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа балалар ойнайтын алаңқай, футбол корты салынып, жан-жағы ретке келтірілген. Ал енді жасыл желекпен толықты. Белсенділер қайың мен қарағай екті. Жалпы, қаланы көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов атап өтті.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, Петропавл қаласы әкімнің орынбасары:

Қаланы көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Өткен демалыс күндері Ойқала шағын ауданында 700-ден астам көшет отырғызылды.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғаспақ. Шаһар аумағында 6 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы