Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Беларусь аяқ киімі тағы да сатылымда

Солтүстікқазақстандықтарға құлаққағыс. Бүгіннен бастап 5-ші қазанға дейін Петропавлда Беларусь елінде тігілген аяқ киім мен Иваново тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сөрелерге жоғары сапалы күзгі және қысқы аяқ киім үлгілері қойылған. Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген әрі аяққа ыңғайлы. Сондай-ақ, ассортиментте қолдан тоқылған шұлықтар бар. Сапасы жоғары, бағасы да тиімді.

АЛЁНА СОТСКОВА, сату бойынша менеджер:

— Біз Ресейдің Иваново қаласынан төсек-орын әкелдік. Барлығы табиғи таза өнімдерден тігілген. Сапасына қатысты күмән жоқ. Аяқ киімдерге келетін болсақ, әрқайсысы таза былғарыдан жасалған. Табаны арнайы гельден тұрады, су өткізбейді, ортопедиялық ұлтарағы бар.

Жәрмеңкеде жазғы аяқ киімдерге жеңілдік жүріп жатыр. Бағалары 10 мың теңгеден басталады. Ал күзгі және қысқы етіктердің құны кемі 15 мың теңгені құрайды. Бұл жерде сапалы, ыңғайлы әрі өзіңізге ұнаған аяқ киімнің кез келген үлгісін табатыныңыз анық. Себебі, таңдау ауқымы кең.

АЛЁНА СОТСКОВА, сату бойынша менеджер:

— Бізде әйелдерге арналған көктемгі аяқ киімдердің 36-дан бастап 43-ке дейінгі өлшемдері бар. Қысқы аяқ киімдерге 25%-ға дейін жеңілдік ұсынып отырмыз. Ерлерге де түрлі өлшемдегі тауар табылады. Аяқ киімнің барлығы табиғи былғарыдан тігілген, табаны полиуретаннан жасалып, ал іші қой жүнімен қапталған.

Жәрмеңке қаладағы Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан.

 

Ақтолқын Солтанханқызы