Макашевка ауылында «Асар» серіктестігі 400 басқа арналған тауарлы-сүт ферманы іске қосты. Бұл – Солтүстік Қазақстанның табысты тәжірибесін тарату бағдарламасына қатысып отырған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Германиядан 222 сиыр әкелінген. Орташа сауын мөлшері – 25 литр. Жыл басынан бері 887 тонна сүт өндірілді. Жоба құны – 1 млрд 200 млн теңге, оның 650 млн-ы – серіктестіктің өз қаражаты.
АЛИ АСТАМИРОВ, «АСАР» ЖШС директоры, Тайынша ауданы:
— «Солтүстік» ӘКК 550 млн теңге несие берді. Жабдықтарға, сауу залына жұмсалды. Шамамен 4 млн теңге қалды. Қалғанының бәрі игерілді. Мұның бәрін не үшін салып жатырмыз? Мал басын көбейту үшін, арнайы база құрып, өз шаруашылығымызды кеңейтуді көздеп отырмыз.
Қаражат тек симментал тұқымдас ірі қараны сатып алуға ғана емес, цифрлық технологияларды енгізуге де бағытталды. Жасанды интеллект жүйесі әр сиырдың жағдайын бақылап, денсаулық индексін 100 балдық шкаламен бағалайды.
— У нас каждая корова оснащена датчиками – ошейниками. Обычно все используют датчики активности на ноги, но отличительная особенность наших датчиков в том, что они считывают сразу активность и руминацию.
— Руминация это?
— Сколько корова жуёт за день. Считывает руминацию, сопоставляет данные ИИ и уже по здоровью, по осеменению показывает данные.
Ауданда орақ науқаны қызған шақ. 600 мың гектардың 65 пайызы жиналды. Облыс әкімі диқандармен бірге өнім, технология және болашақ жайын талқылады. Мұнда жаңа тұқымдар мен жасанды интеллект элементтері бар агротехника да таныстырылды.
— Это американо-израильская разработка. Порядка 130 агрономов участвовало в разработке этого ПО. Он летает над полем, фотографирует площадь потом эти фотографии загружаются на платформу. Он дает информацию, сколько каждого сорняка, сколько вредителя, даже если вредителя не видно, у него характерные повреждения, он тоже его определяет (болезнь, недостаток питательных элементов).
Ауылдарды таза ауыз сумен қамту – басты басымдық. Донецкое ауылында Булаев топтық су құбырынан тарайтын желілер салынып жатыр. Жобаға шамамен 640 млн теңге бөлінген.
— По ограждению небольшие вопросы, по озеленению, мы сейчас все это доделываем. Мы идём по рекультивации по самому селу, облагораживаем колодцы. Ориентировочно завершение – 1-5 октября. Далее мы ожидаем воду для того, чтобы помыться, опрессоваться, и уже передать заказчику полноценный завершённый объект.
Жалпы, Тайынша ауданында тарату желілері 11 ауылда пайда болады. Құны 8 млрд теңгеге жуық, соның 6 млрд-ы арнайы қордан бөлінген. Сонымен қатар, Тайынша қаласында жылу желілері жаңғыртылуда. Жаңа жүйе 200-ден астам абонентті қосуға мүмкіндік береді. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі теміржол вокзалын қайта қалпына келтіру барысын тексерді. Соңғы күрделі жөндеу мұнда 20 жыл бұрын жүргізілген. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Сол уақытқа қарай аудан орталығында әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған 18 пәтерлі үй де пайдалануға берілмек.
—Планируем сдачу – октябрь-ноябрь. Начали в августе.
— Этого года? Быстро строите. Молодцы. Качество, технадзор?
Цифрлық трансформация – дамудың басты бағыттарының бірі. Ауданда SKO Hub мамандарының қатысуымен курстар өтіп жатыр. Мұнда цифрлық құралдар, IT-технологиялар және стартап мәдениеті бойынша білім беріледі.
— Мы хотели бы эту традицию продолжить и в следующем году ставим себе в план открытие таких IT-центров в каждом районе, чтобы сельская молодежь имела равные возможности с ребятами из города.
Өңір басшысы жергілікті кәсіпорындардың өнімдері ұсынылған көрмені де аралап көрді. Экспонаттар қатарында нан-тоқаш, сүт өнімдері, шұжық түрлері бар. Ал Еуразия ұлттық университетінің командасы сабаннан жасалған ерекше құрылыс плиталарын таныстырды.
— Мы сегодня презентуем наши новые строительные экологичные плиты. Опытно-промышленная линия находится в г. Тайынша. Эта плита – аналог ДСП. Уникальность в том, что мы сделали ее из соломы, отходов некормовой соломы. Разработку запатентовали.
Осы күні Тайыншада «Инвесторлар аллеясында» көшеттер отырғызылды.