Мәдениет

“Мисс және Мистер волонтер” байқауының қорытындысы шықты

Кеше “Qyzylzar” креатив орталығында волонтерлердің байқауы өтті. 15 жас байқау барысында түрлі сынақтан өтті: өздерін таныстырды, жетістіктерімен жарысты және қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде “Ассамблея жастары” ұйымының облыстық өкілдігінің жетекшісі Дариға Смаилова “Мисс волонтер” атанды, ал “Мистер волонтер” атағын ақжарлық ерікті Абзалхан Тілеген жеңіп алды. Қос үздікке сертификат пен ақшалай сыйлық табыс етілді.