Ағымдағы жылдың тамыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне елорда тұрғыны жүгінеді. Азамат жергілікті Айыртау ауданындағы жер учаскесіне қатысты құжатын рәсімдей алмаған. Өйткені, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының жергілікті өкілдері оған қызмет көрсетуден бас тартқан.
ДИНА АМРИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
— Департамент тексеру барысында бас тартудын себебі қоса берілген кұжаттарда – учаскенің шекаралары мен координатор ведомосін белгілеу материалдарының болмауы екенін анықтады. Бірақ, ең бастысы – Петропавл қалалық бөлімінің кызметкерлері мүмкін болатын бас тарту туралы ескертпеді жене өтініш берушіге өз ұстанымын білдіретін, яғни тыңдау өткізбеді.
Іске департамент мамандары араласқаннан кейін жер учаскесіне қатысты құжат рәсімделіп, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне жыл басынан бері азаматтардан осындай үш шағым түскен.
ДИНА АМРИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
— Департаменттің негізгі қызметі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Мамандар мемлекеттік қызмет алу барысында сұрақ туындаған жағдайда «EgovKzBot» платформасы немесе 36-01-62 телефоны арқылы көмекке жүгінуге болатындығын еске салады.
Ақтолқын Солтанханқызы