БалаларСпорт

AUYL SPORT-2025″ спартакиадасының ашылу салтанатты өтті

AUYL SPORT-2025. Бүгін Петропавлда осындай атаумен ауыл балалары арасында өңірлік турнир бастау алды. 13 ауданнан жиылған ұл-қыздар футбол, волейбол, еркін күрес сынды спорттың 7 түрінен сынға түседі. Жалпы, аталған спартакиада өңірде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарыс 2 күнге жалғасады. Нәтижесінде үздік атанған командалар республикалық біріншілікте өңір намысын қорғайды.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, СҚО спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:

— Біздің чемпиондарымыздың барлығы ауылдан шыққан. Мәселен, күрестен керемет нәтиже көрсеткен Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұқан да ауылдың қарпайым балалары. Бүгінгі сайысқа қатысушылар арасында болашақ біздің чемпиондарымыз шығатынына сеніміміз мол.