Білім

Тәрбиешілерге арналған семинар: баланы ұлттық құндылық арқылы тәрбиелеу

Облыс орталығындағы “Росинка” бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған әдістемелік семинар өтті. Жиынның тақырыбы – “Мұра және инновациялар: “Адал Азамат” – тұрақты даму мақсатын жүзеге асырудағы рөлі”. Шараға петропавлдық тәрбиешілермен қатар өңірдің түкпір-түкпірінен келген мамандар қатысты. Қатысушыларға білікті мамандар шеберлік сағаттарын көрсетіп, өздерінің озық әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Сая Макупова – жас маман. Ол Саумалкөл ауылындағы “Колосок” бөбекжайында 2 жыл еңбек етеді. Айтуынша, бүгінгі семинар кәсіби тұрғыда дамуына зор ықпал етеді.

САЯ МАКУПОВА, тәрбиеші, Айыртау ауданы:

— Тәжірибе жүзінде киізді қалай дұрыс қолдану қажеттігін көрдім. Бұған дейін мүлдем қолданбаған едік.

ӘЛИЯ СҮЛЕЙМАНОВА, “Росинка” бөбекжай-бақшасының қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі:

— Іс-шараның мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Заманауи білім беру тәсілдерін енгізу

Семинарға тәрбиешілер ғана емес, ата-аналар да қатысты. Олар өздерінің балалары балабақшада қандай жаңа әдістермен тәрбиеленіп, қандай құндылықтарды үйреніп жатқанын көзбен көріп, риза болды.

ТАТЬЯНА ДЕЛЛЬ:

Іс-шара маған ұнады. Педагогтар бала тәрбиесінде тиіді әдіс-тәсілдер қолдануда. Ұлымның жасы – 6-да. Ол “Росинка” бөбекжай-бақшасына келіп жүр. Жиында көбіне қоқысты қалай дұрыс қолдану қажеттігі туралы айтылды. Балғындарға бұл жайлы көбірек айтылатындығы қуантады.

Мұндай семинарлар жас мамандардың тәжірибесін толықтырып қана қоймай, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға да ықпал етеді. Жалпы, білімге толы семинарға 40-қа жуық маман қатысты.

 

Мәдина Қаби