Білім

Қозыбаев университетінде функционалдық геномика және биоинформатика бойынша бірегей курстар бастау алады

Қазақстан және бүкіл Орталық Азияда алғаш рет М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да функционалдық геномика және биоинформатикаға арналған бірегей курстар бастау алады. Бұл жоба халықаралық стандарттарға сай әзірленген және үздік тәжірибелерді, әлемге танымал сарапшыларды, замануи технологияларды қамтиды. Бағдарламаның жетекшісі – геномика және биоинформатика саласында мол тәжірибесі бар профессор Андреа Зукколо. Ол бұған дейін бірнеше шетелдік атақты университеттерде қызмет атқарған. Ғалым сол жерлерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, геномика институтында биоинформатикалық талдау тобын басқарды. 2025 жылы профессор Қозыбаев университетінің Халықаралық кампусының ұжымына қосылды. Курс биология саласында академиялық білімі бар магистранттар, докторанттар мен зерттеушілерге арналған. Бес күндік бағдарлама аясында қатысушылар заманауи деректер жиынтығымен жұмыс істейді және тұтас геномдарды ретке келтіру және оларды құрастыру әдістерін үйренеді.