“Ботай” арт-галереясында жазасын өтеушілердің шығармашылық көрмесі өтті. Көрермен назарына барлығы – 16 еңбек ұсынылды. Белгілі бір тақырып жоқ. Темір тордың ар жағында отырған азаматтар картиналарды өз еркімен салған. Біреу қылқаламның күшімен үйіне деген деген сағынышын, отбасындағы жылулықты, аңсаған арманын, үкілеген үмітін бейнелеуге тырысқан. Ұйымдастырушы мамандардың айтуынша мұндай шаралар жазасын өтеушілерді тәрбиелеуге ықпал етіп, олардың жан-дүниесіне үңілуге септеседі.
МАНАР ҚАБАЙ, СҚО ҚАЖД сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің инспекторы:
— Бәріміз білетіндей, сотталғандарға телефон, ноутбук сияқты заттарды қолдануға рұқсат берілмейді.
Психологтар да мұндай іс-шараның маңызы зор дейді. Өйткені сурет салу адамды тыныштандырып қана қоймай, теріс ойдан арылуға, өзін-өзі тануға жол ашады. Мәселен, көздің жауын алатын “Кіші Отан” деп аталатын туындыны №66 тергеу изоляторында отырған 54 жастағы Оксана есімді азаматша салған.
ИЛЬИНА ПОПОВА, психолог:
— Бұл суретті ол тек арт-терапия барысында ғана салып жүрген. Мамандық жағынан оның суретшілікке еш қатысы жоқ. Алайда, үйге деген сағынышын осы пейзаж арқылы жеткізе білді. Картина холс майымен салынған. Біздің мекемеден барлығы – 3 сурет көрмеге ұсынылды.
Көрмеге қойылған туындыларды арнайы қазылар алқасы бағалады. Әр еңбектің мазмұны таныстырылып, қарапайым бейненің астарында жатқан ой айтылды.
Мәдина Қаби