Өңір полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Сегіз күннің ішінде тіркелген статистика жаға ұстатқызады.
Жол ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпау жайттары жиі кездеседі. 400-ге жуық жағдайда көліктегі адамдар бұл талапты ескермеген. Рөлде отырып алып телефонмен сөйлесетіндер көп. Бір апта көлемінде мұндай жүзден астам факті анықталды. Жаяу жүргіншіні өткізбегендер де, маневрді дұрыс орындамағандар да жүзге жуықтайды. Жолда мастар азаймай тұр. 30-ға тарта адам көлікті ішімдік ішкен күйі жүргізген.
СНХР: ҚАЙЫРБЕК БАЙМОНКЕНОВ, қалалық ПБ бастығының орынбасары:
— СҚО-да «Қауіпсіз жол» ЖПІШ өтуде. Оның негізгі мақсаты – ЖКО алдын алу. ЖПІШ шеңберінде жүргізушілерге ЖҚЕ түсіндіріледі.
“Қауіпсіз жол” шарасы аясында патрульдік полицейлер кезекшілікті күшейтті. Мәселен, қаладан шығаберістегі «Оңтүстік» бекетінде көліктерді тексеруге арнайы жасақ қызметкерлері тартылған. Рейд барысында жолаушы тасымалы жіті назарға алынған. Қалааралық жолдарға шығатын шағын автобустардың жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, жылдамдықты шегінен асырмай, шаршаса, тынығып алу қажеттігі туралы айтылды. Жедел-алдын алу шарасына барлығы – 300-ден астам маман жұмылдырылған.