“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында жастар арасында квест ойыны ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын ойын барысында заңға байланысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырма орындады.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
— Жастар болғандықтан оларға лекция тыңдап, бір бөлмеде отыру олар үшін қызықсыз.
Мұндай ойындар жастардың тек қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Оған қоса, ойында Президенттің Жолдауына қатысты сұрақтар болды.
ВИКТОРИЯ КУРЫШЕВА, студент:
— Жергілікті университетте “Бағдарламалаушы” мамандығына оқимын. Президенттің Жолдауын студенттермен топтасып талқыладық. Ол өз сөзінде жасанды интеллектіні қолдануды дамыту қажеттігін айтты. Университетте бейінді курс ашылып, GhatGPT сияқты қосымшаны дұрыс және тиімді пайдалануды үйреніп жатырмыз.
Жалпы, қызықты да тартысты өткен зияткерлік ойынға 50-ге жуық жастан құралған 5 команда қатысты.
Мәдина Қаби