Петропавлда «СҚ ЭЖТК» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметасының шекті деңгейінің жобасы бойынша жария тыңдау өтті. Компания бүгінде Петропавл қаласы мен 8 аудандағы 165 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. Компанияның негізгі шығыстары жұмысшылардың жалақысын төлеу, жабдықтарды жөндеу сияқты бағыттарға жұмсалады. Компания өкілдерінің айтуынша, құрал-жабдық 84 пайызға тозып тұр. Сол себепті, келесі жылдан бастап тарифті көтеру ұсынылуда.
АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ бас директоры:
— Болжамды тарифтік сметаның шығыстары заңнама талаптарына сәйкес жасалды. 2026 жылға арналған жобаланған тариф 1 кВт/сағ үшін 15,34 теңгені құрайды. Бұл биылғы қолданыстағы тарифтен 68,76 пайызға жоғары. Қаржы толығымен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Бүгінгі таңда кәсіпорын 1 кВт/сағ үшін 9,09 теңге көлемінде бекітілген шекті тариф бойынша қызмет көрсетуде.