Бүгін Петропавлдағы кейбір әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Ал қыркүйектің 30-ына дейін әлеуметтік мекемелер мен үйлер жылумен толық қамтылады. Бұл жайлы облыстық әкімдікте айтылды. Петропавлда 1200-ге жуық баспана бар. Олардың әрқайсысының құбыр жүйесі жуылып, қысымы тексерілген.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
— Петропавлда барлығы – 171 әлеуметтік нысан бар. 106 білім беру мекемесі дайындық паспортын алды. Олардың қазандықтарын жууға және қысымын тексеруге бюджеттен 2 млн теңге бөлінді. Шаһарда 3 мектеп көмірмен жылытылады. Нысандарға 900 тоннаға жуық қара отын жеткіздік.