Құқық қорғау органдарыСпорт

Полицейлер таяқ тартудан күш сынастырды

Таяқ тарту немесе мас-рестлинг – Петропавлда полицейлер арасында аталған спорт түрінен іріктеу жарысы өтті. 70-тен астам білекті маман бес салмақ дәрежесі бойынша күш сынастырды. Дода тартысты өтті. Күші мен ептілігі басым ер азаматтар қарсыласын әп-сәтте қаңбақтай ұшырып өз жағына тартып алып жатса, енді бірі теңдей қарсылық көрсетті. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды ПД аппаратының қызметкерлері, екінші және үшінші орынды Тимирязев және М.Жұмабаев аудандарының тәртіп сақшылары иеленді. Бес жеңімпаз құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдардың қызметкерлері мен әскери мамандар арасында өтетін республикалық жарыста аймақ намысын қорғайды.