СҚО-да орақ науқаны 56 пайызға аяқталды. Өңір диқандары бір минутты да босқа қалдырмай аянбай еңбек етуде. Бүгінгі күнге 1,7 млн гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Орташа шығымдылық 17,1 центнерді құрайды. Бастырылған астық көлемі – 2,9 млн тонна. Күзгі дала жұмыстарына 7 мың комбайн, 12 мыңнан астам трактор және 5 мыңнан астам жүк көлігі тартылған. Күзгі дала жұмыстарының барысы мен мемлекеттен көрсетілген қолдау жайлы облыстың бас диқаны Дәурен Токужинов баяндады.
ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
— Мемлекет тарапынан орақ науқанына 68,6 мың тонна дизель отыны бөлінді. Облыс аумағында 45 астық қабылдау орны бар. Барлығының сыйымдылығы 7 млн тоннадан асып жығылады. Қазіргі таңда алынған өнімнің 28 пайызын элеваторларға жеткіздік. Ауа райы қолайлы болса, орақ науқанын қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отырмыз.