Экология

Петропавлда ауқымды экоакция өтті

Ойқала ықшам ауданындағы тасқын шайған жерлерді көркейту ісі аудан әкімдіктеріне жүктелген болатын. Уәлихановтықтар жауапты аумақтардың біріне саябақ салды. Дүниежүзілік тазалық күні бұл жерге көшеттер егілді. Акцияға депутаттар, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, жастар мен белсенді өңір тұрғындары ат салысты. Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары Нұрлан Кеңесов экологиялық шараның маңыздылығына тоқталды.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

— Дүниежүзілік тазалық күніне біз де өз үлесімізді қосудамыз. Экоакция тек Петропавлда емес, аудандарда да жүргізіліп жатыр. Қала бойынша мың жарымнан астам ағаш ектік.

ТАЛҒАТ САҒИТОВ, Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары:

— Жұмыс осымен аяқталмайды. Келесіде қайың отырғызамыз. Ары қарай да абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз.

Мамлюткалықтар да көшет отырғызу жұмысынан қалыс қалмады. Олар 50-ге жуық терек ағашын егіп, қаланың ажарын ашты. Ал саябақ салу үшін аудандық ауыл шаруашылығы қожалықтары 27 млн теңге қаржы бөлген.

ҚАЙСАР АМИРИН, Мамлют ауданы ТҮКШ автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

— Акцияға 20-дан астам қатысуда. Бүгінгі күні 50 шақты терек ағашын ектік. Акция тек қалада ғана емес, ауданда да жүргізіліп жатыр.

Биылғы күзгі ағаш отығызу маусымында мамлюттіктер 2 мыңға жуық жасыл желек отырғызуды жоспарлап отыр.

 

Мәдина Қаби