СҚО әкімдігіҚоғам

Облыс әкімі Қызылжар ауданындағы қорғаныс бекеттерінің құрылыс барысын байқады

Өңір басшысы Қызылжар ауданына барып, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарындағы қорғаныс нысандарының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аталған аумақтарда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «СҚ ЭЖТК» АҚ бас директоры:

— TNC жүйесі жеткізу туралы келісімшарттар жасалды, біз қысқа мерзімде электр жабдықтарын жеткіздік. Алдағы аптада қаржыландыру күтілуде. Ең көбі – металлқұрылымдар, оларды дайындауға 2-3 апта қажет.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, бұл іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынының алдын алу үшін аса маңызды. Сонымен қатар, сапа мен мерзімге ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, облыс әкімі Универсальная көшесіндегі жол айрығы құрылысының барысын тексерді. Бұл нысан қаладағы көлік инфрақұрылымын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттырады.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Ақтөбеден 7 жүк көлігі блок қабылданды, 4 көлік жолда. Сапасы қалай?
— Сапасы жақсы.

Өңір басшысы құрылысты белгіленген мерзімде сапасына аса мән беріп аяқтауды тапсырды.