ҚоғамМәдениет

“Қызылжар” телеарнасына – 65 жыл

Биыл “Қызылжар” телеарнасының құрылғанына 65 жыл толып отыр. Айтулы дата Петропавлда кең көлемде аталып өтілді. Ұжым 1960 жылдан бері күн сайын көрермендерімен қауышып, тұрғындарды өңірдегі жаңалықтардан хабардар етіп келеді. Тіпті, 87 жылы ғарышкермен тікелей эфирге шыққан. Бұл 90-жылдар үшін зор жетістік болып саналады. Осы күнге дейін телеарнада бірқатар шәкірт тәрбиеленді. Талай жас түлеп ұшты, кәсіби тұлға ретінде қалыптасты. Бүгінде арнаның тілшілері халықаралық және республикалық телеарналарда еңбек етіп жатыр. Мерейтойлық шара барысында телевизия саласының дамуына үлес қосқан мамандар жергілікті әкімдік пен түрлі ұйымдардың атынан грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, СҚО құрметті азаматы:

— Мерейтойлық шарада Ілияс Омаров ағамызды ұмытпаған жөн. Ағамыз телеарнаның ашылуына сүбелі үлесін қосты. Еліміз Тәуелсіздігін алған жылдары ұжымды белгілі ақын Мүтәллап Қанғожин басқарды. Кәрібай Мұсырман да жаңа серпін берді.

ИРИНА КУПИНА, “Қазақстан РТРК” АҚ СҚОФ аға режиссері:

— Мен телеарнаға 1983 жылы келдім. Осы аралықта біз қарыштап дамыдық деп ойлаймын. Мұнда жұмыс істегеніме еш өкінбеймін. Талай мәрте халықтың мұңын жоғарыға жеткіздік. Мәселелерін шештік. Өңірдің дамуына зор үлес қостық. Осы қарқыннан таймауға тырысамыз.