Петропавлдағы 2-ЖЭО мамандары бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін тур өткізді. Биыл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестицияларының жалпы көлемі 4 млрд теңгеден асқан. Бұл қаражат үш негізгі бағытқа жұмсалды. 3 млрд теңгеден астам сома қазандық, қалғанына жылу қуатын беру сызбасының реконструкциясы, пик бойлер мен №6 қондырғының негізгі бойлерін ауыстыру жұмыстарына жұмсалды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановский жұмыстың бірқалыпты қарқынмен жүріп жатқанын айтты.