М. Жұмабаев ауданында сұмдық жағдай тіркелді. Полтавка деген ауылда жер үй жанып, өрттен 3 адам қаза тапты. Өрт туралы хабар 112 шұғыл нөміріне кеше кешке келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде баспана толығымен лаулап жанып жатқан. Өртті сөндіру барасында үш адамның мәйіті табылды. Оның біреуі – 68-шы жылғы әйел, екеуі – 81 және 79-шы жылғы ер адамдар. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты жалмаған. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күреске 8 маман мен 3 техника жұмылдырылды.