Қоғам

“Е-қызмет” порталының игілігін көрген жастар

Жыл басынан бері өңірде “Е-қызмет” порталы арқылы 300-ден астам адам жұмысқа тұрған. Жаңа форматтың тиімділігін көрген жастың бірі – Алмас Сәбит. Облыс әкімдігінің азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімінің жетекші маманы конкурс жайлы таныстары арқылы білген. Бірден бағын сынапты. Жұмысқа қабылданып, халықтың игілігі үшін еңбек етіп жүр. Ол қазіргі таңда облыс әкімі мен орынбасарларының тұрғындармен кездесуін ұйымдастырады.

АЛМАС СӘБИТ, СҚО әкімдігі азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімінің жетекші маманы:

—3 Азаматтардың өтініштері мен шағымдарына қараған кезде әр сұрақтың артында адамның уайымы мен үміті тұрғанын түсінесің. Сол себепті, барынша тыңдап, мүмкіндігінше дұрыс шешім табуға тырысамыз.

Нұрсат Ғалымжанның облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында еңбек етіп жүргеніне 3 айдан асқан. Ол да Алмас Амангелдіұлы сияқты “Е-қызмет” порталы арқылы жұмысқа тұрған. Байқауда азаматтың жеке қасиеттері мен қабілеттері сұралған. Математикалық білімі тексерілген. “Мемлекеттік қызметші халық үшін жұмыс істейтіндіктен адал әрі адамгершілігі мол болуы тиіс”, – дейді Нұртас Арыстанұлы.

НҰРСАТ ҒАЛЫМЖАН, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мемлекеттік тұқым инспекциясының бас маманы:

— Серіктестіктердегі дақылдардың сапалылығын тексерумен айналысамыз. Заңбұзушылықтардың алдын алуға жол бермейміз. Әріптестеріммен тез тіл табысып кеттім. “Е-қызмет” порталы арқылы жұмысқа орналасу маған өте тиімді болды.

Былтыр ғана іске қосылған портал жастар үшін таптырмас мүмкіндік болып саналады. Алдағы уақытта жүздеген солтүстікқазақстандық жаңа формат арқылы жұмысқа тұратынына сенім мол.

 

Нұрасыл Ахмет