Қоғам

Петропавлда 2 тәулік су болмайды

Облыс орталығында тағы да су беру тоқтатылады. Тұрғындар тіршілік көзін 2 тәулік күтпек. Мамандар мұндай қадамға бекерден-бекер барғалы отырған жоқ. Маңызды хабарландыру жауапты серіктестіктің қабырғасында айтылды.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

— Суды қыркүйектің 20-сы күні түнгі 12:00-де сөндіреміз. 21-і сағат 22:00-де береміз. Осы аралықта қаладағы су құбырларын жуып, дезинфекциялаймыз. Бұл – тіршілік көзінің сапасын жақсартуға арналған шара.

Сондай-ақ, осы аралықта мамандар құбырлардың сапасына да көз жеткізбек. “Қызылжар су” серіктестігі тұрғындардан тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тіршілік көзін жеткілікті көлемде ертерек ыдыстарға құйып алуды сұрайды.

 

Нұрасыл Ахмет