Қоғам

Ұлттық жоба: өңірлерде алғашқы жобалар іске қосылды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол пилоттық жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады. Қазіргі уақытта аталған құжат аясында 48 пилоттық жоба бекітілген. Биыл «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 пилоттық жобаны іске қосуға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл – «ҚТК» АҚ тарапынан әкімдіктердің облигацияларын сатып алып, жылу, су, су тазарту және электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған алғашқы тәжірибе.

Жиынды қорытындылай келе, вице-премьер Қанат Бозымбаев әкімдіктер мен салалық министрліктерге Ұлттық жоба аясында жүзеге асып жатқан барлық процесті жедел аяқтау және өңірлердің 2026–2029 жылдарға арналған қажеттіліктерін айқындау жөнінде бірқатар тапсырма берді.