Елімізде Қазақстан Жазушылар одағы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты республикалық экспедиция өтіп жатыр. Ауқымды шараға атсалысқан белгілі этнографтар, мәдениеттанушылар, қаламгерлер мен журналистер түрлі ңірлерді аралап жүр. Сол экцпедицияның бір тобы бүгін жергілікті университетте теріскейлік зиялы қауым өкілдерімен және оқытушылармен кездесті.
МИРАС МҰҚАШ, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының Астана қаласындағы өкілі:
— Бұл экспедицияның негізгі мақсаты – ұлттық этнографиямызды нәсихаттау. Әр аймақта ұмытылып бара жатқан көне дүниелрімізді жинау, оларды дәріптеу. Бұл Батыс Қазақстан облсынан басталған экспедиция қазір еліміздің барлығын аймағын аралап біткендей болдық.
Бүгінгі шарада жазушы, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәніктің өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз болды. Экспедиция мүшелері негізі үш бағытқа бөлінген. Оның бірі – қазір Алматы облысынан сонау Семейге дейін, екіншісі Қарағанды- Жезқазған бағытында жұмыс істеуде. Бүгін өңірімізге келген үшінші топ өз зерттеулерін Астана қаласынан бастаған. Енді Қостанай мен Павлодарға бағыт алмақ.
ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары:
— Бұл жердегі барлық этнографиялық музейде болдық. Аудандарды араладық. Соның ішінде М. Жұмабаев ауданындағы Мағжанның екі музейінде де болдық. Барлығын түсірісіп алдық. Тіпті, Сарытомар жақтағы Мағжанның ескерткішіне дейін барып, ол жердегі әсм табиғатқа тәнті болдық.
Экспедиция нәтижесінде Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына орай оның ұлт руханиятына қосқан мол мұрасы республика көлемінде кеңінен нәсихатталатын болады. Сонымен қатар, әр облыстың ұлттық құндылықтарын қамтыған фотоальбом жарық көреді. Жоба аясында деректі фильм түсіріліп, отандық телеарналардан көрсетіледі деп жоспарланып отыр.
Ақтолқын Солтанханқызы