Өнеркәсіп

Мұратхан Тұрмұхамбетов: “Тұрғындар қысқа ерте қамданбайды”

Арнамыздың түсірілім тобы қаладағы көмір сату қоймаларының бірінің жұмысымен танысты. “Үміт Trade” серіктестігіне тиісілі теміржол тұйығына күні кеше ғана 3 вагон көмір әкелінген. Шамамен 200 тоннаны құрайды. Мұнда тек “Шұбаркөл” маркалы көмір жеткізіледі. Тоннасы 21 мың 500 теңге тұрады. Баға өткен жылмен салыстырғанда 2 мың теңгеге жоғары. Әзірге, теміржол тұйығында ұзын-сонар кезек байқалмайды.

МҰРАТХАН ТҰРМҰХАМБЕТОВ, “Үміт Trade” ЖШС менеджері:

— Қазіргі таңда теміржол тұйығында 2500 тонна көмір бар. Алда жылыту маусымы келе жатыр. Адамдардың ертерек қамданбайды. Сол себепті, алдағы қазан айы қарбаласқа толы болады.

Петропавлда 15 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Ондағы отбасыларға қысты ойдағыдай өткеру үшін 70 мың тоннаға жуық көмір қажет. Қазіргі таңда оның 40 пайызы немесе 28 мың тоннаға жуығы дайындалыпты.

ТИМУР ЖҰМАНОВ, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

— Тұрғындардың барлығын қара отынның бағасы алаңдататыны сөзсіз. Биыл “Қаражара” маркалы көмірдің бағасы – 21 мың, “Майкүбі” – 17, “Екібастұз” көмірі 16 мың теңге тұрады. Қазіргі таңда Петропавлда 4 теміржол тұйығы бар. Олар Панфилов, Ленинградское және Труд көшелерінде және біз тұрған сату қоймасы Жұмысшы кентінде орналасқан. Алғаш аталған екеуінде қара отынның қоры жеткілікті.

Қалалық әкімдік өкілдері тұрғындардан маңызды кезеңге ертерек қамдануды сұрайды.

 

Нұрасыл Ахмет