Петропавлда жас дзюдошылар арасында облыстық деңгейдегі тартыс өтті. Айтулы додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 80-нен астам спортшы қатысты. 7 құрама бас қосқан жарыста 13-14 жастағы ұл-қыздар белдесті. Қарым-қабілетімен танылғандарына ақшалай сертификаттар мен кимоно берілді. Ал үздіктер мен жүлдегерлерге мақтау қағазы мен медальдар табысталды. Сондай-ақ, жеңімпаз арасында төрешілердің көзіне түскен спортшылар республикалық чемпионатқа жолдама алды.
АБУ-АЛИ САТТАР, СҚО дзюдо және самбо федерациясының президенті:
— Дзюдо – Олимпиада ойындарының қатарына кіретін спорт. Бүгінгі таңда елімізде осы бағытқа назар аударылып келеді. Жуырда Жамбыл және Тимирязев аудандарында дзюдодан секциялар ашылды. Бұл – ертеңгі білекті спортшылар даярлау жолындағы жасап жатқан нық қадамдарымыз.