Мәдениет

Экологиялық кинокөрсетілім

“Балық аулау желілері мен қоқыс теңізі”. Осындай атаумен жастар ресурстық орталығы және еріктілер фронт кеңсесінің волонтерлері бірігіп жастарға экологиялық кинокөрсетілім ұйымдастырды. Кинотуындының астарында экологиялық мәселе жатыр. Табиғат аясына шыққан адамдардың көбі соңдарынан қоқысын шашып кетеді. Балық аулағанда да көлде құрған ауын со күйі қалдырып кететіндер көп. Қараусыз қалған тор балық үшін ғана емес, өзге жануарлар үшін де тұзаққа айналуы мүмкін.

МАКСИМ ДУНДУКОВ, студент:

Кинотуындыдан көп ой түйдім. Адамның салғырттығынан жануарларға төнетін қауіп жайында ойлана бермейді екенбіз. Адамзаттың жауапсыздығы төртаяқтылардың азаюына әкелуі мүмкін.

ОКСАНА ГОНЧАРЕНКО, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

— Осы деректі кино арқылы жастарға экологиялық проблемалардың шынайылығын тереңірек жеткізуге болады деп сенеміз. Кинода Каспий теңізінің маңы қалай лас екендігі көрсетілді. Теңіз, көл, өзен сияқты жерлердің аумағында болып жатқан оқиғалар, ластанған жерлері, зардап шеккен жануарлардың жағдайы назарға ұсынылды. Бұлардың барлығы жастарға терең ой салады. Олар табиғатты аялау қажеттігін түсінеді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тағы да осындай кинокөрсетілім ұйымдастырмақ.

 

Мәдина Қаби