Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 1,1 млн гектар аумақтың астығы жинады

Өңірде орақ науқаны жалғасуда. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері ұсынған деректерге сүйенсек, бүгінде облыста 1,1 млн гектардағы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жиналған. Диқандардың айтуынша науқан жоспарға сай өз мерзімімен жүріп жатыр.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЕГОЛЕВ, “Новомихайловское” ЖШС бас директоры, Мамлют ауданы:

Біз жыл сайын 10 мың гектардан астам жерге егін егеміз. Алдымен тамыздың 4-інен бастап жасымық және бұршақ дақылдарын алдық, кейін 23-інен арпа жинауға шықтық. Өнімділік гектарына 40,5 центнерді құрайды. Өткен жылмен салтырғанда бұл жоғары көрсеткіш. Ал қазір бидай бастырудамыз. Орташа өнімділік 41,5 центнерді құрайды.

Биыл диқандарға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілді. Өңір аграрилері 5% жылдық мөлшерлемемен жалпы құны – 37 млрд теңгенің техникасын сатып алған.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЕГОЛЕВ, “Новомихайловское” ЖШС бас директоры, Мамлют ауданы:

Биыл біз 6 трактор алдық. Механизаторлар риза, өйткені кабиналарына дейін жайлы. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 700 млн теңгенің тыңайтқышы жеткізілді. Біз жыл сайын міндетті түрде субсидия аламыз. Бұл жұмыс қарқынын күшейтуге ықпал етіп отыр.

“Мәмбетов и К” командиттік серіктестігі – өңірдегі іргелі агроқұрылымдардың бірі. Бүгінде мұнда 300-ге жуық адам еңбек етеді. Егін егілетін аумақ 34 мың гектарды құрайды.

ОЙРАТ НҰРМАҒАНБЕТ, “Мамбетов и К” КС бас директоры, Мамлют ауданы:

— Мемлекет қолдауын сезініп жатырмыз. «Кең дала–2» бағдарламасы аясында тұқымға да, қосалқы бөлшектерге де қол жеткіздік. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы басқармасы пен министрліктің ауқымды жұмыс атқаруының нәтижесінде арзандатылған дизель отынымен толық көлемде қамтылдық.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы 20 күн бойы жаңбыр болмайды. Бұл орақ науқанын уақытында аяқтауға мүмүкіндік бермек.

 

Ақтолқын Солтанханқызы