Спорт

“Құлагер” ХК оңбай жеңілді

Қыркүйектің 12-сі күні петропавлдық “Құлагер” хоккей клубы ел чемпионатындағы кезекті ойынын өткізді. Қарсылас – азуын айға білеген өскемендік “Торпедо”. Қонақ команда біріншіліктегі басты фавориттердің бірі болып саналады.

Бірақ, теріскейлік ұжым 1 күн оларды 4 те 3 есебімен жеңген болатын. Қарымта ойын мүлдем басқаша өрбіді. Шығысқазақстандық ұжым құлагерліктерден корттың әр бұрышында басым болды. Теріскейліктер имек таяқ шеберлері тактикалық тұрғыдан қонақтарға есе жіберді. Нәтижесінде “Торпедо” хоккей клубы 2 де 6 есебімен алаң иелерінен басым түсті. Өкінішке қарай, осымен жергілікті команданың 3 ойынға созылған жеңістер сериясы өз мәресіне жетті. “Құлагер” хоккей клубы келесі ойынын бүгін өз алаңында атыраулық “Бейбарыспен” өткізеді.