Айгүл Күзембаева Қозыбаев университетінің “Герман-роман филологиясы” кафедрасында еңбек етеді. Нәзікжанды студенттерге ағылшын және неміс тілдерінде дәріс оқиды. Ал осыдан 5 жыл бұрын өзінің шығармашылық қабілетін дамытуды қолға алған. Қазір Айгүл Мұратқызы бірқатар байқауға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Ол еліміздің және көрші Ресейдің көптеген қалаларында өнер көрсеткен. Ал биыл тіпті Кремль сахнасына шыққан. Оқытушының ағылшын, хорват тілдерінде жазылған әндері бар.
АЙГҮЛ КҮЗЕМБАЕВА, М. Қозыбаев атындағы СҚУ “Герман-роман филология” кафедрасының аға оқытушысы:
— Музыкаға деген қызығушылығым бала кезімде оянды. Шығармашылық қабілетімді дамытуға соңғы жылдары мықтап кірістім. Репертуарымда 6 өлең бар. Әні мен сөзін өзім жаздым. Шет тілінде ән айтқанда сол халықтың тілін ғана емес, мәдениетін де тани бастайсың.